ЖТС тарихы
Облыстық атқару комитетінің шешімімен 1964 жылдың 15 қаңтарында Өскемен қаласының бұрынғы № 1 дәріханасының ғимаратында облыстық жас техниктер станциясы ашылды. (Киров ат. саябақ).
Қыркүйек айында 225 оқушы қатысатын авиамодельдік, кеме жасау, радиотехникалық, химиялық, құрылыс техникасы үйірмелері ашылды.
Үйірмелердің алғашқы жетекшілері:
Тихонова А.П. – химия үйірмесінің жетекшісі;
Кочергин А.И. – радиотехникалық үйірме жетекшісі;
Фадеев К.И. – кеме жасау үйірмесінің жетекшісі;
Проневич В.Б. – әуемодельдеу үйірмесінің жетекшісі.
1975 жылдың 16 қарашасында Шығыс Қазақстан облысы білім департаментінің облыстық Жас техниктер станциясының Краснооктябрьский,5 мекен-жайы бойынша жаңа ғимаратының салтанатты ашылуы өтті.
Жас техниктерді жаңа қоныстарымен құттықтауға: Үлбі металлургиялық зауытының директоры жолдас Юрий Иванович Мурин, партком хатшысының орынбасары жолдас Д.П.Языков, Облыстық комсомол комитетінің хатшысы Г.А.Володина, Шығыс Қазақстан облысының ОХБББ меңгерушісі Қайырбеков Базатай Қайырбекұлы келді.
- Бастауыш сынып оқушыларының техникалық модельдеу;
- Зымыран модельдеу;
- Әуемодельдеу;
- Химия-металлургиялық;
- Машина жасау;
- Картинг;
- Кино-фото;
- Физика-техникалық;
- Кеме жасау;
- Радиоспорт зертханалары ашылды.
10 зертхана, 53 үйірме, 630 бала …
1996 жылы «Облыстық жас техниктер станциясы» және «Облыстық туристер станциясы» бірлестігі облыстық білім департаментінің 1996 жылғы 25 қыркүйектегі №133 бұйрығы негізінде Шығыс Қазақстан облысы білім департаментінің «Облыстық жас техниктер станциясы» деп аталатын бірыңғай кәсіпорын болды.
2005 жылы Шығыс Қазақстан облысы білім департаментінің «Облыстық жас техниктер станциясы» Өскемен қаласы әкімдігінің «Жас техниктер станциясы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып өзгертілді.
Үйірмелер:
- Бастауыш сынып оқушыларының техникалық модельдеу үйірмесі;
- Әуемодельдеу;
- Автомодельдеу;
- Кеме жасау;
- Картинг;
- Радиоэлектроникалар;
- Қағаздан сәулеттік модельдеу;
- Ағашты көркем өңдеу;
- Спорттық туризм;
- Спорттық бағдарлау және радиопеленгация;
- Геологиялық;
- Өлкетану;
- Қолданбалы дизайн.
11 зертхана, 13 бағыт, 45 үйірме, 576 оқушы.
Құрылған күні | 1964 |
Қалалық техникалық шығармашылық көрмесі | 1964 |
Республика бойынша әуемодельдеуден 1 орын | 1967 |
Республика бойынша түлкі аулаудан және кеме жасаудан 1 орын | 1969 |
Республикалық кинофототехникадан 1 орын | 1970 |
КСРО ХШЖК қатысушысы | 1970 |
Бүкілодақтық мектептен тыс мекемелердің жұмыс байқауында1 орын | 1975 |
Химия-металлургия зертханасының алғашқы шығарылымы | 1978 |
Техникалық үйірмелер басшыларының біліктілігін арттырудың алғашқы курстары | 1979 |
Республикалық ЖТ слетының қатысушылары мен жүлдегерлері | 1979 |
Балалар мен жасөспірімдерге арналған Бүкілодақтық ғылым мен техника апталығының қатысушылары мен жүлдегерлері | 1984 |
Жаңашылдар мен өнертапқыштардың алғашқы шолуы | 1987 |
Пекинде СО бойынша Азия және Тынық мұхиты аймағы чемпионатының қатысушылары мен жүлдегерлері | 1999 |
Австралия бойынша Азия және Тынық мұхиты аймағы чемпионатының қатысушылары мен жүлдегерлері | 2000 |
Қала мектептері үшін жазғы лагерь құру | 2001 |
Геология мұражайының ашылуы | 2001 |
«Жастар шығармашылығы» республикалық көрмесіндегі жүлдегерлер | 2003 |
ШҚО бойынша Азия және Тынық мұхит аймағы чемпионатының қатысушылары мен жүлдегерлері | 2004 |
«Жастар шығармашылығы» республикалық көрмесіндегі жүлдегерлер | 2005 |
«Жастар шығармашылығы» республикалық көрмесіндегі жүлдегерлер | 2007 |
«Вертикаль» шатырлы туристік лагерінің ашылуы | 2007 |
«Жастар шығармашылығы» республикалық көрмесіндегі жүлдегерлер | 2009 |
Жас геологтардың Бірінші Қазақстандық Олимпиадасына қатысушылар мен жүлдегерлер | 2010 |
Өскемен қаласында спорттың техникалық түрлері бойынша республикалық конкурстың жүлдегерлері | 2010 |
«Жастар шығармашылығы» республикалық көрмесіндегі жүлдегерлер | 2011 |
Жас геологтардың Жалпыресейлік далалық олимпиадасына қатысушылар мен жүлдегерлер | 2011 |
Жас геологтардың Екінші Қазақстандық Олимпиадасының қатысушылары мен жүлдегерлері | 2012 |
Астана қаласында спорттың техникалық түрлері бойынша республикалық конкурстың жүлдегерлері | 2012 |
Санкт-Петербург қаласының Конгресс сарайында робототехника бойынша халықаралық фестиваль жүлдегерлері (2 орын) | 2012 |
Глубокое к. облыстық Жас техниктер слетіне қатысушылар мен жүлдегерлер | 2013 |
Астана қаласында өткен «Шапағат» республикалық жас зерттеушілер конкурсының жүлдегерлері (1 орын) | 2013 |
Қазан қаласында Жас геологтардың ашық далалық олимпиадасының тоғызыншы Бүкілресейлік слетіне қатысушылар мен жүлдегерлер (3 орын) | 2013 |
«ЭКСПО-2017 балалар көзімен» тақырыбындағы «Ғылымға мектеп ішінен» халықаралық ғылыми-практикалық форумының қатысушылары мен жүлдегерлері, Астана (3 орын) | 2013 |