Үйірмедегі жұмыс шығармашылық тұлғаның мәдениетін қалыптастыруға, оқушыларды өз шығармашылығы арқылы жалпы адамзаттық құндылықтарға тартуға және өткеннің тәжірибесін игеруге бағытталған. Бағдарламаның мазмұны оқушылардың бейнелеу өнерінің түрлері, жанрлары, стильдері туралы түсініктерін кеңейтеді, техникалармен және безендіру қызметімен (графикалық дизайн) таныстырады, үйлесім және эстетикалық талғам сезімін қалыптастырады.

Сабақ гуашь, витраж және акварельді кескіндеме техникаларында жүргізіледі.

  

  Оқу үрдісінде оқушылар басынанда түстер байланысын тегіс формада, жылы және суық түстерді ескере отырып, оларды  көруге және жеткізуге үйренеді. 
  Одан әрі үйірмешілер күрделі формада және күрделі түстердің  байланысын үйренеді.