ТӨЛҚҰЖАТЫ

 

Мекен-жайы: 070004 Өскемен қаласы,

Әуезов даңғылы, 5, 25-17-53, 25-16-74; sut@edu.oskemen.kz

Басшысы: Жаркембаев Ернар Қожахметович

Салынған және іске қосылған жылы: 1975 жыл

Құрылған жылы: 1964 жыл

Жалпы аумағы: 2287,60 шаршы метр

Жобалы қуаты: 700 оқушы

Қызмет түрі: қосымша білім беру

«Жас техниктер станциясы» қаладағы балалардың техникалық шығармашылығын дамыту бойынша жалғыз қосымша білім беру мекемесі. Жыл сайын 700 астам біздің тәрбиеленушілеріміз тегін қосымша білім алады. Бүгінгі күні Жас техниктер станциясы 50 жылғы тарихын, дәстүрін сақтауда және де құрылғандағы басты идеясы – мекеме шаңырағы астында техникалық шығармашылықпен айналысатын балалар мен ересектерді біріктіру идеясын ары қарай дамытуға күш салуда.

Өскемен қаласының Жас техниктер станциясы  оқушыларды келесі бағыттар бойынша дайындауды іске асырады: Спорттық-техникалық бағыт –  «Бастапқы техникалық модельдеу» үйірмесі бірінші және  екінші жыл оқыту, «Әуемодельдеу үйірмесі», «Картинг», «Автомодельдеу»,  «Трасстық автомодельдеу», «Жас геолог», «Спорттық туризм», «Туристік көпсайыс».

Робототехника бағыты: «Бастапқы робототехника», «Робототехника», «Зерттеу робототехникасы», «Спорттық робототехника», «Техникалық дизайн».

Көркем-эстетикалық бағыт: «Дизайн технологиясы», «Шебер қолдар», «Жас суретші», «Техникалық сәулеттік модельдеу», «Дизайн әліппесі»,«Тоқыма дизайны»  .